Қостанайдағы 40 жыл жөндеу көрмеген әуежай терминалы қайта жаңғыртылады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы 40 жыл жөндеу көрмеген әуежай терминалы қайта жаңғыртылады

Қостанайдағы 40 жыл жөндеу көрмеген әуежай терминалы қайта жаңғыртылады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, терминал 1975 жылдан бері жөндеу көрмеген.

  • 5 Желтоқсан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

«Осы жазда, 15 маусымнан бастап біз 40 жылға жуық жөнделмеген ұшу-қону жолағын қайта жаңарттық. Әрине, бұл жұмыстың тұрғындар мен қонақтар үшін қолайсыздық туғызғаны рас. Ал қазір ұшу-қону жолағының ашылғанына бір айдан асты. Біріншіден, жолақ ұзарып, кеңейе түсті. Бұрын оның ұзындығы — 2,5 шақырым болса, қазір — 2,8 шақырым. Ені де 45 метрден 60 метрге дейін ұзарды. Салмағы шамамен 200 тонналық ұшақты қабылдауға қауқарлы», — деді облыс басшысы.

Архимед Мұхамбетов ендігі міндет — 1975 жылы салынған терминалдың өзін жаңғырту екенін мәлім етті.

«Оған да күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бүгінде оның аумағы — шамамен 5 мың шаршы метр. Десе де, заман талабына жауап бермейді. Қазір біз жоба әзірлеп жатырмыз. Ол ақпан-наурыз айларында дайын болады. Осыдан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаймыз. Жоба құнын айта алмаймын. Себебі, құны жергілікті және республикалық бюджет есебінен анықталады. Ең маңызды міндет — жолаушылар ағымын арттыру. Қазір әуежайда сағатына 200 жолаушы ары-бері қатынаса, біз ең төменгі мөлшерді 250-300 адамға жеткізгіміз келеді», — деді ол.

Аймақ басшысы қазіргі таңда әуежайдан Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Алматы, тіпті Мысырға рейстер орындалып жатқанын жеткізді.