Қостанайдағы алғашқы көктайғақ адам өліміне апарып соққан ірі жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы алғашқы көктайғақ адам өліміне апарып соққан ірі жол апатына себепкер болды

Қостанайдағы алғашқы көктайғақ адам өліміне апарып соққан ірі жол апатына себепкер болды

Қостанай облысы аумағында күн райының біршама суытуына байланысты жолдарда көктайғақ белең алып, соның кесірінен ірі жол апаты болды. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы да жеті адам жараланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қазан 2003
  • 546
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Қостанай-Жетіқара автожолының 107-ші шақырымында болып, КрАЗ жүк көлігі мен вахта тәртібімен жұмыс істейтін жолаушыларды тасымалдаушы КАВЗ автобусы соқтығысып қалған. Автобуста «Лисаковск кеніш құрылысы» ААҚ-ның 21 жұмысшысы келе жатқан. Жол апаты салдарынан екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, тағы бір адам қалалық орталық ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Сондай-ақ, тағы жеті адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бағалауынша, олар тұрақты ауыр ахуалда көрінеді. Жолаушылардың қалған бөлігі ауруханаға жатудан бас тартқан.

Полицияның мәліметіне сәйкес, соңғы үш күнде Қостанайда көктайғақ салдарынан 29 жол апаты тіркелген.
Сондай-ақ, Қостанай қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, өткен демалыс күндері және 28-қазан сейсенбіде зардап шеккен 150 адам аурухананың көмегіне жүгінген. Олардың 18-і ауыр жарақат деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, осындай науқастар саны өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артқан. Қазір 50 төсекке есептелген бөлімшеде 62 адам тұрақты онкүндік емдеуден өтуде.
Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес, көктайғақ қаупі осы апта бойы сақталады. 31-қазанда Қостанай облысы аумағында ауаның температурасы -11 градусқа дейін төмендеп, жел соғып, қар жауады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар