Қостанайдағы ақша айырбастау бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы ақша айырбастау бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

Қостанайдағы ақша айырбастау бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

Кеше, 16-қазанда Қостанайдағы ақша айырбастау бөлімшелерінің бірінде тонаушы қолға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бетіне бетперде киіп, тапаншамен қаруланған бір жігіт ақша айырбастау бөлімшесіне басып кіріп, кассадағы келіншектен ақша талап еткен. Кассир әйел «Күзет» ұйымының пультіне қосылған дабыл тетігін басып үлгерсе керек. Сөйтіп, санаулы уақытта оқиға орнына келіп жеткен мемлекеттік күзет қызметінің жасағы қылмыскерді заласыздандырды. Әлгі Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірінің бұрынғы студенті болып шықты. Тұтқын өзінің бұл әрекетін ақша тапшылығымен түсіндіреді.

Ал тонаушының кассирді қорқытқан тапаншасы пластмассадан жасалған ойыншық болып шықты. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар