Қостанайдағы бір үйдің ауласынан жөндеу жұмыстары барысында өлген адамдардың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы бір үйдің ауласынан жөндеу жұмыстары барысында өлген адамдардың мәйіті табылды

Қостанайдағы бір үйдің ауласынан жөндеу жұмыстары барысында өлген адамдардың мәйіті табылды

"Қостанай су" ҚКК-ның жұмысшылар тобы Қостанайдағы су құбыры магистралінің бір бөлігінен өлген адамдардың мәйітін тауып алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қазан 2003
  • 647
Фото - Caravan.kz

Үйлерінің ауласынан адам мүрдесі табылған тұрғындар бұл жердің жұқпалы аурулар ошағына айналу қаупінен қорқып бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне жүгінді. Олардың топшылауынша, су құбыры бір кездері тырысқақтан қайтыс болғандарды жерлеген орын арқылы өтуі мүмкін.

Ал облыстық тазалық және індет станциясының бас дәрігері Василий Пасичниктің KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлағанындай, «тұрғындардың қаупі ешбір негізсіз». Қостанай облысы аумағында тырысқақ, оба, күйдіргі, іш сүзегі тәрізді адамдар үшін төтенше қауіпті жұқпалы індерттердің таралғаны жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Қалай дегенмен, 40-шы жылдардың соыңы мен 50-ші жылдардың басынан бері осындай қатерлі індеттер шыққандығы туралы ешбір құжаттық дерек тіркелмеген. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің пікірінше, мәйіттердің долбарлық жас мөлшері 60-70 жыл болуы мүмкін. В.Пасичниктің пайымдауынша, медицина саласына белгілі жұқпалы індет қоздырғыштарының бірде-бірі мұндай ұзақ уақытқа төтеп бере алмайды. Сондай-ақ, жұқпалы індетке шалдыққандардың бұл жерге көмілу дерегінің өзі күмән тудырады. «Қандай себептен қайтыс болғанына қарамастан бақилық адамды бейіттерде жерлейтіні белгілі. Өз басым өлген адамдарды ауру түріне қарай жерлеу деген деректі күні бүгінге дейін естімеппін»,- деп атап көрсетті бас дәрігер.
Ал қаланың бас сәулетшісі Абай Юсуповтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, сәулетшілер мұрағатында ол жерде бейіт болғандығы туралы ешбір мәлімет жоқ. «Егер онда бейіт болса да, өте ерте кезеңде болған. Сәулетшілік талаптарына сәйкес, 50-ден астам жылдан бері адам жерлеу тоқтатылған бейіт орындарында ғана құрылыс салуға рұқсат беріледі. Дегенмен, бұрынғы бейіт болған жерге құрылыс салу өте сирек кездесетін құбылыс, ал тұрғын үйлер ондай жерде мүлдем дерлік салынбайды»,- деді А.Юсупов.
Екі маман да табылған мәйіттер ХХ ғасырдың басындағы аштық немесе нәубет құрбандары болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Қазір табылған мәйіттер сараптамаға жөнелтілді. Оның нәтижесі біраз жайтты анықтауы мүмкін. Ал облыстық мұрағатқа оқиға орнында бейіт болу мүмкіндігі туралы сауал жолданды.

Соңғы жаңалықтар