Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Аталған факт 17 маусым күні Қонай ауылынан екі шақырым жерде тіркелген. «Интер-стиль» ЖШС қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапқан.
«Серіктестік мамандары «Петроген П-34» элементінің 9 данасын тапты. Бірақ, олардың тұтататын пілтелері жоқ. Жарылғыш заттар Қостанай облысы ІІД жедел тобына тапсырылды», — деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнында 12 ТЖД және 6 жергілікті полиция қызметінің мамандары мен ҰҚК қызметкерлері жұмыс істеді.