Қостанайдағы уақытша тергеу абақтысынан бір тұтқын қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы уақытша тергеу абақтысынан бір тұтқын қашып кетті

Қостанайдағы уақытша тергеу абақтысынан бір тұтқын қашып кетті

Қостанайдағы уақытша тергеу абақтысынан бір тұтқын қашып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Тамыз 2004
  • 588
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылының тұрғыны, 28 жастағы Сергей Дудник адам денсаулығына ауыр зардап шектіргені үшін Қостанайдағы УК 161/2 түзету мекемесінде 7 жылдық жаза мерзімін өтеп жүрген. 19-тамызда ол қылмыстық істі тексеру барысында беті ашылған кейбір жайттарға байланысты қосымша тергеу амалдары үшін уақытша тергеу абақтысына жеткізілген. 29-тамыз күні уақытша тергеу абақтысы бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмыс бөлмесінің терезесін жұлып алған қылмыскер қашып кеткен.

Қазір тәртіп сақшылары қылмыскерді қарқынды іздестіріп жатыр.

Перейти к новостям спорта