Қостанайдағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған үш азамат іздестірілуде, олардың аты-жөні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.29
  • 501.03
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған үш азамат іздестірілуде, олардың аты-жөні анықталды

Қостанайдағы зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған үш азамат іздестірілуде, олардың аты-жөні анықталды

Қостанайда полиция зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған екі азаматты ұстады, тағы үшеуіне іздеу жарияланды.

  • 20 Қараша 2012
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бүгін түскі уақытта қолдарында қарулары бар бес қылмыскер «Қазақзергер» дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады. Олар дүкеннен алтын бұйымдарын, сондай-ақ сатушының ұялы телефондары мен құжаттар салынған әмиянын алып кетті. Бойжеткен күзетті шақыру дабыл батырмасын басып үлгерді.

Оқиға орнына Қостанай облыстық ІІД-нің және Қостанай қалалық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы шықты. Жедел шаралардың барысында 15 минуттың ішінде екі күдікті — Ақмола облысының 17 және 18 жастағы тұрғындары ұсталды. Айғақ дәлелдер — зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қылмыстың қаруы — шолақ мылтық тәркіленді.

Қазіргі кзеде үш күдіктіні іздеу шаралары жүргізілуде, олардың есімдері белгілі — бұл Ақмола облысының тумалары Ысқақов Ғабит Хамитұлы (1992 жылғы), Әлібаев Дәулет Нұрланұлы (1993 жылы дүниеге келді) және Арқалықтың тумасы Байдәулетов Мұратбек (1993 жылы дүниеге келді). Полиция аймақ тұрғындарынан іздеуде жүргендер туралы қандай да бір ақпарат алса, ІІД-нің кезекшілік бөліміне хабарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар