Қостанайдағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды

Қостанайдағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды

Қостанайдағы жарылыс салдарынан үйінді астында қалған ер адам қайтыс болды. Тағы екі адам құтқарылды.

  • 11 Желтоқсан 2023
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанай қаласында жүк таситын автокөліктерді жөндеуге арналған ғимарат жарылды. Салдарынан ғимарат қабырғасы құлады.

"Куәгерлердің айтуынша, үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді", — делінген ақпаратта.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үйінді астында екі адам құтқарылды, тағы бір адам қаза тапты. Оның жеке басы анықталып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.