Қостанайдың бас жоспарына түзетулер енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың бас жоспарына түзетулер енгізіледі

Қостанайдың бас жоспарына түзетулер енгізіледі

ҚОСТАНАЙ. 27-қараша. Kazakhstan Today. Қостанайды дамыту жөніндегі бас жоспарға түзетулер енгізіледі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин бүгін аппарат жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қараша 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Бұған дейін біз бас жоспармен жұмыс істеген жоқпыз. Өйткені, оған ақша жұмсағымыз келмеді. Ал ендігі жерде қала мен оның айналасында тұрғызылып жатқан жаңа ғимараттарды жөнге келтіретін уақыт жетті. Өйткені, бас жоспардың жоқтығынан біз жобалау барысында көп уақыт ұттырып аламыз»,- деді өңір басшысы.

С.Кулагиннің айтуынша, бас жоспарды түзету үшін облыстық бюджеттен 2007-жылы трансферт түрінде 50 млн. теңге бөлінеді. Өзгерістерге қатысты жұмыстар алдағы жылы жүргізілмекші.

Кеңесте атап көрсетілгеніндей, қазір облыс орталығында және қала іргесінде жеке меншік нысандарды тұрғызу жұмыстары тоқтатылды. Қостанай облыстық прокуратурасы заңсыз деп тапқан ғимараттар аяқталмайды. Осыған байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстерге бас жоспарға өзгерістер енгізілмейінше құрылыс жұмыстарының қайтадан қолға алынбауына тікелей қадағалау жасау міндеттелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта