Қостанайдың бұрынғы әкімі 2 ай мерзімімен үйқамаққа алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың бұрынғы әкімі 2 ай мерзімімен үйқамаққа алынды

Қостанайдың бұрынғы әкімі 2 ай мерзімімен үйқамаққа алынды

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Енді №2 Қостанай қалалық соты оған 2 ай мерзімінде үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау туралы қаулы шығарды.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ахметжановқа ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі, 307-бабы 4-бөлігі, 365-бабы 3-бөлігі 1-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылып отыр. Ол құрылыс бөлімінің басшысымен бірлесіп, жеке құрылыс фирмаларына мемлекетпен тиімді келісім жасасуға көмектескен.

Тергеудің пайымынша, шенеунік Ахметжанов Қостанайдағы балабақшаның құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсында Леонид Васильев пен Сергей Биктибаев есімді бизнесмендердің мүдделерін қорғамақ болған.

Бұрынғы әкім сотта өз кінәсін толықтай мойындады. Сотқа А. Ахметжановтың Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Арман Абеновтың қолы қойылған оң пікірдегі мінездемесі таныстырылды. Оның кінәсін мойындағанын, оң пікірде жазылған мінездемені, кәмелет жасына толмаған екі баласы барын ескере отырып, прокурор оған бас бостандығынан айырудан басқа түрдегі жаза қарастыруды сұрады.

№2 Қостанай қалалық сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова экс-шенеунікті 2 ай мерзімінде үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау туралы қаулы шығарғаннан кейін ол қамаудан босатылды.


Соңғы жаңалықтар