Қостанайдың шалғай аудандарында банк филиалдары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың шалғай аудандарында банк филиалдары жоқ

Қостанайдың шалғай аудандарында банк филиалдары жоқ

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында банк бөлімшелері жұмыс істемейді.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат мәжілісінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың мәліметінше, облыста екінші деңгейлі 14 банктің 81 филиалы бар. Олардың 47-сі шағын қалалар мен аудандарда.

«Бүгінде бізді оңтүстік өңірлердің жағдайы алаңдатып отыр. Әсіресе, Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарына банк филиалдарын орналастыру қажет. Алтынсарин ауданы қалаға жақын орналасқандықтан, тұрғындар облыс орталығына келіп, құжаттарын рәсімдей алады. Осы тұста жергілікті әкімдер көмектессе, шалғай аудандарда банк бөлімшелері ашылар еді», — деп мәлімдеді Қажырахымов.

Ал облыстан тысқары аудандарда тұратын кәсіпкерлер несие рәсімдеу үшін Қостанайға бірнеше мәрте келіп-кетеді. Банктер несиелеуге бірден келісім бермейді. Осылайша, екі араны жол қылған кәсіпкерлер ақыры тауы шағылып, жобаларын жылы жауып қоюға мәжбүр.     


«Кәсіпкерлікті қолдауда ешқандай кедергі болмауы тиіс. Халық Банкі сияқты әлеуетті банктердің филиалдарын ашыңыздар. Бұл ретте ғимарат бөлу үшін әр ауданның әкімі көмектеседі. Алдағы жылдың наурыз айына дейін жоспар жасау керек. Мұны орынбасарларыма тапсырамын»,-деді кеңесте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.