Қостанайдың «Тобол» футбол клубы қайырымдылық аукционын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың «Тобол» футбол клубы қайырымдылық аукционын өткізді

Қостанайдың «Тобол» футбол клубы қайырымдылық аукционын өткізді

Қостанайдың «Тобол» футбол клубы көз тарихында тұңғыш рет қайырымдылық аукционын өткізді.

  • 25 Желтоқсан 2011
  • 619
Фото - Caravan.kz


Онда команданың 14 ойын жейдесі мен 1 футбол добы саудаға салынды. Клубтың интернет сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда оған «Тобылдың» әртүрлі жастағы жанкүйерлері жиналған. Ағылшындық әдіспен аукционда ең бірінші лотта саудаланғанына қарамастан №20 Ермек Қуантаевтың жейдесі ең жоғары бағаға сатылды. Қостанай футбол мектебі түлегінің сары-жасыл түсті жейдесі 9 мыңға теңге бағаланды. Оған деген қызығушылықтың жоғары болғаны сондай, аукционда бірегей лотта саудаға түскен 2010 жылғы үздік ойыншылардың бір саналатын чех легионері Филип Клапкидің жейдесі 8 мың теңгеге ғана сатылды. Ал «Тобылдың» барлық ойыншылары қолы қойылған футбол добы да одан 3 мың теңгеге арзан бағаға саудаланды. Қайырымдылық шарасынан жиналған 90500 теңге енді клуб қамқорлығындағы баланың мұқтажына жұмсалмақ.