Қостанайдың "Тобыл" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Финляндия құрамасының ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың "Тобыл" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Финляндия құрамасының ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді

Қостанайдың "Тобыл" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Финляндия құрамасының ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді

Түркияның Белек қаласында "Тобыл" футбол клубы 11-қаңтарда Финляндия чемпионаты құрамасы ойыншыларымен кездеседі.

  • 10 Қаңтар 2012
  • 575
Фото - Caravan.kz


Қостанайлық аяқдопшылардың Бас бапкері украиналық Вячеслав Грозный шетелдегі алғашқы оқу-жаттығу жиынын 4-қаңтарда бастаған болатын. Ол 25 қаңтарға дейін созылмақ. «Тобыл» Қазақстан чемпионатындағы Премьер-лигада былтыр 12 команданың арасынан 7-орын алған. Олар екінші жолдастық кездесуін 16-қаңтарда Новосібірдің «Сібір» командасымен өткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы да 16-қаңтарда Ресейдің «Сібір» клубымен жолдастық кездесу өткізетін хабарлаған болатын. Сол себепті қостанайлықтар оның уақытын басқа күнге өзгертуі мүмкін. Оны команданың баспасөз қызметі де алдын ала ескертіп отыр. Ресейдің Ұлттық футбол лигасында алғашқы 2 айналымның қорытындысы бойынша 5-орында келе жатқан новосібірліктерді шотландиялық Алекс Миллер жаттықтырады. «Сібір» командасының Түркияның Сиде қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 4-17 қаңтар күндері өтпек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера