Қостанайға Патриоттар форумына қатысушылар жиналуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайға Патриоттар форумына қатысушылар жиналуда

Қостанайға Патриоттар форумына қатысушылар жиналуда

Ертең Қостанайда «Менің Қазақстаным» IV Республикалық патриоттар форумы ашылады.

  • 3 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін облыс орталығына осынау шараның барлық дерлік қатысушылары — Қазақстанның барлық өңірлерінің делегаттары: үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өнерлі жастар мен жас ғалымдар, БАҚ өкілдері, спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері келді.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, форумға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері шақырылып отыр.

Бүгін делегаттардың қолдары бос — олар қонақүйге жайғасып болғаннан кейін, тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға аттанды, ал дәл қазіргі сәтте Орыс драма театрында қойылым тамашалауда.

Форум екі күнге созылады. Ертең делегаттар екі митингке қатысады, Алашорда ардақтыларының және 30-шы жылғы қуғын-сүргін құрбандарының, Ұлы Отан соғысы мен ядролық сынақ құрбандарының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қояды. Ертең олар сондай-ақ Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатына барады.

4 маусым күні форумның ресми бағдарламасы басталады, оның жұмысына Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар