Қостанайлық 59 жастағы тұрғын балаларды азғындыққа итермелеген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық 59 жастағы тұрғын балаларды азғындыққа итермелеген

Қостанайлық 59 жастағы тұрғын балаларды азғындыққа итермелеген

Қостанай облысының 59 жастағы тұрғынын балаларды азғындыққа итермелегені үшін соттайды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

  • 17 Қыркүйек 2016
  • 564
Фото - Caravan.kz

1957 жылғы Қарабалық ауданының тұрғыны ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлімі «Жас балаларды азғындық жолға түсіру. Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бойынша айыпталуда. Санкцияда 4 жылға дейін бостандығын шектеу немесе 3-тен 5 жылға дейін бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 124-бабы 3-бөліміндегі «Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер» айыбы тағылды. Баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10-нан 20 жылға дейін айыру немесе бұл жазасыз 7-ден 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Іс бойынша жапа шегушілер 11 және 12 жастағы қыздар.