Қостанайлық аяқдопшылар 10 турда Премьер-лигада турнир кестесіндегі көшбасшылығын айтарлықтай нығайтып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық аяқдопшылар 10 турда Премьер-лигада турнир кестесіндегі көшбасшылығын айтарлықтай нығайтып алды

Қостанайлық аяқдопшылар 10 турда Премьер-лигада турнир кестесіндегі көшбасшылығын айтарлықтай нығайтып алды

Кеше футболдан Премьер-лига командалары арасында ел чемпионатының 10 туры өтті.

  • 13 Мамыр 2012
  • 436
Фото - Caravan.kz


Онда алматылықтар («Қайрат») шымкенттіктермен («Ордабасы»), павлодарлықтар («Ертіс») тараздықтармен («Тараз») 1:1, астаналықтар қаскелеңдіктермен («Сұңқар») 0:0 боп тарасты. Атыраулықтар қызылордалықтарға («Қайсар») 0:1, көкшетаулықтар («Оқжетпес») ақтөбеліктерге 1:4 боп ұтылды. Ал қарағандылықтар («Шахтер») оралдықтардан («Ақжайық») 3:1, қостанайлықтар («Тобыл») талдықорғандықтардан («Жетісу») 2:1 есебімен басым түсті. Соның нәтижесінде қостанайлықтар 23 ұпай жинап турнир кестесіндегі көшбасшылығын біршама нығайтып алды. Одан 4 ұпайы кем «Шахтер», «Ақжайық», «Тараз» және қоржынында 18 ұпайы бар «Ертіс» футболшылары үздік бестіктің қатарында тұр. Одан кейінгі орындарды «Ордабасы» (16 ұпай), «Ақтөбе» (14), «Атырау», «Қайрат» (12), «Астана» , «Сұңқар» (11), «Қайсар» (10), «Жетісу» (6), «Оқжетпес» (3) командалары өзара бөлісуде. Ал мергендер көшін қарсыластар қақпасынан жеті рет саңылау тапқан қостанайлық Бауыржан Жолшиев пен бес рет қақпашыдан айласын асырған талдықорғандық Эдин Юнусович пен көкшетаулықтар Давид Чегелашвили бастап келе жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера