Қостанайлық аяқдопшылар «Goal Management Grouр» футбол агентігінің құрамасын 3:1 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық аяқдопшылар «Goal Management Grouр» футбол агентігінің құрамасын 3:1 есебімен жеңді

Қостанайлық аяқдопшылар «Goal Management Grouр» футбол агентігінің құрамасын 3:1 есебімен жеңді

11 қаңтар күні Түркияның Белек қаласында "Тобыл" футбол клубы алғашқы жолдастық кездесуін өткізіп, «Goal Management Grouр» футбол агентігінің құрамасын 3:1 есебімен ұтты.

  • 13 Қаңтар 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz


Қостанайлықтар Швейцария, Норвегия, Германия, Австралия, Финляндия чемпионаттарында өнер көрсететін футболшылардан жасақталған қарсыластардың қақпасына алғашқы допты пенальтиден Константин Головской енгізді. Ойынның екінші жартысында Сергей Костюк оны 3:0-ге дейін жеткізді. Африка құрлығының аяқдопшылары қостанайлықтарға кездесудің аяғында 1 доппен ғана жауап бере алды. Украиналық Вячеслав Грозный тізгінін ұстаған «Тобыл» командасының Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін созылмақ.