Қостанайлық дихандардың тәжірибесі еліміздің барша астықты аймақтары үшін пайдалы болмақ - ҚР үкімет басшысының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық дихандардың тәжірибесі еліміздің барша астықты аймақтары үшін пайдалы болмақ - ҚР үкімет басшысының орынбасары

Қостанайлық дихандардың тәжірибесі еліміздің барша астықты аймақтары үшін пайдалы болмақ - ҚР үкімет басшысының орынбасары

Қостанай облысындағы егістік алқаптарда табыспен қолданылып отырған ылғал үнемдеу технологиясы еліміздің барша астықты аймақтары үшін бидай өңдеу жөніндегі ең соңғы нұсқауларға негіз бола алады. Бұл туралы ҚР үкімет басшысының орынбасары Ахметжан Есімов Қостанай облысын аралау барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2004
  • 539
Фото - Caravan.kz

Аталмыш технологияны ойлап тапқан «Заречное» РМК-ның директоры Валентин Двуреченский оны өз шаруашылығында соңғы бес жыл бойы белсенді қолданып келеді. Осы мерзімде кез-келген ауа райы ахуалында бір гектардан 23-30 центнер көлемінде жоғары түсім алуға мүмкіндік берген бұл технология өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.

«Двуреченский ойлап тапқан технология айрықша назарға лайық. Оны тек Қостанай облысында ғана емес, сондай-ақ, республиканың басқа да облыстарында да кеңінен қолданысқа енгізетін мерзім жетті»,- деді вице-премьер.
Ылғал үнемдеу технологиясы Қазақстанға тән емес топырақ өңдеу әдісіне негізделген. Күзде сабанды дестеде қалдырмай ұнтақтап, егістікке шашып тастайды. Ал көктемде тікелей соның үстінен тұқым себіледі.
В.Двуреченскийдің пікірінше, ұнтақталған сабан өзіндік кедергі міндетін атқарып, ылғалдың буланып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, өсімдік текті органикалық заттар топырақтың азуына тосқауыл болады. Бұл тәсіл сабанды пайдалы жарату проблемасын да шешетіндігімен маңызды. «Сабанды тікелей егістік алқаптарында өртеушілер экологияға қатер төндіруде»,- дейді практик-ғалым. Оның айтуынша, алқаптарда сабан жағу ауқымды өрттерге душар етіп қана қоймай, топырақтың құнарлы қабатын құртып жіберуде. Сондай-ақ, одан пайда болған түтін атмосфераны ластап жатыр.
А.Есімовтың пайымдауынша, егістік алқаптарында сабан жағу мемлекетке орасан зор экономикалық зиян шектіруде. «Бұл айрықша күрделі проблема болуына байланысты егістік алқаптарда сабан жағуға үкіметтік деңгейде тыйым салу қажеттігі туындап отыр»,- деді ол. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, ылғал үнемдеу технологиясын қолдану және сабанды егістік алқаптарда жағуға тыйым салу мәселелері бойынша үкіметтік деңгейдегі шешімді биыл қабылдау қажет.