Қостанайлық футболшылар мәскеуліктерді 1:0 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық футболшылар мәскеуліктерді 1:0 есебімен ұтты

Қостанайлық футболшылар мәскеуліктерді 1:0 есебімен ұтты

Өткен сенбі күні Түркияда «Қайрат» пен «Торпедо» футбол клубтары жолдастық кездесу өткізді.

  • 5 Наурыз 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

Вячеслав Грозный жаттықтыратын қостанайлықтар бұл ойында мәскеуліктерден 1:0 есебімен басым түсті. Бұл олардың 20 ақпанда басталған үшінші оқу-жаттығу жиынындағы соңғы жолдастық кездесуі болатын.

Бұған дейін «Тобыл» 21 ақпанда Украинаның Донецк қаласының «Шахтерін» 5:1, 23 ақпанда Ресейдегі Орынбордың «Газовигін» 2:1, 27 ақпанда Өзбекстанның Мубарек қаласының «Машъал» командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Енді Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарындағы жеңістер топтамасын 10-ға дейін жеткізіп отыр. Олар онда 2 ойында ғана қарсыластарымен тең есепті қанағат тұтты.

Қостанайлық аяқдопшылар Түркиядан өз қаласына 7 наурызда оралмақ. Олар ел чемпионатындағы алғашқы матчын 10 наурызда Алматының «Қайратымен» Затаболда өткізеді.