Бұл жолы өткен турларға қарағанда командалар арасында қарсыласын аса ірі есеппен ұтқан ешкім болған жоқ. Атап айтқанда «Астана» мен «Шахтер», «Қайсар» мен «Оқжетпес»арасындағы ойын 1:0, «Ақтөбе» мен «Тобыл» кездесуі 0:1 боп аяқталды. Ал «Сұңқар» мен «Атырау» арасындағы ойында есеп ашылмаса, «Тараз» бен «Қайрат» сайысы 2:1, «Жетісу» мен «Ертіс» тартысы 1:2, «Ордабасы» мен «Ақжайық» арасындағы матчта 2:0 есебі тіркелді. Соның нәтижесінде ұпай жоғалтқан оралдықтардан көшбасшылық тізгінді бұл жолы қостанайдың «Тобылы» өз қолына алды. Олардың қоржынында 20 ұпай бар. Одан кейінгі орындарда бір-бірінен 1 ұпайға кейін қалып қойған Орал («Ақжайық»), Тараз («Тараз»), Павлодар («Ертіс»), Қарағанды («Шахтер»), Шымкент («Ордабасы») аяқдопшылары келе жатыр. Ал атыраулықтар — 12, ақтөбеліктер — 11, Алматы («Қайрат»), Астана, Қаскелең («Сұңқар») футболшылары — 10, қызылордалықтар («Қайсар») — 7, талдықорғандықтар («Жетісу) — 6, көкшетаулықтар («Оқжетпес») — 3 ұпаймен 7-14 орындарға табан тіреуде.