Қостанайлық футболшылар Румынияның "Газ Метан" клубымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық футболшылар Румынияның "Газ Метан" клубымен жолдастық кездесу өткізеді

Қостанайлық футболшылар Румынияның "Газ Метан" клубымен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Румындықтардың 1945 жылы құрылған бұл командасы Бірінші лигада 2010/2011 жылғы маусымда 7-орын алған болатын.

  • 7 Ақпан 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz


Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар 3 ақпанда Чехияның Градец-Кралове қаласының «Градец-Крылова» командасын ұтқан болатын. Онда алдымен ойынның екінші жартысында Бауыржан Жолшиев есеп ашты. 11 метрлік айып добын мүлт жібермеген Менсур Куртиши оны 2:0-ге жеткізді.

Жалпы «Тобылдың» Белектегі екінші оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарда басталған болатын. Ол 14 ақпанға дейін жалғаспақ. Мерзім аяқталысымен команда Қостанайға оралады.