Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды

Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды

Қостанай-Алматы бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы Астана вокзалында тұрған. Осы сәтте жүкті келіншек вокзалдың медициналық бөлімшесіне жеткізіледі. Әйелдің жағдайын байқаған жолсерік бірден медициналық бөлімшеге хабар берген. Сағат 11 шамасында сәби дүниеге келген.

Әйелге жедел жәрдем бригадасы мен теміржол қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсеткен. Бұдан кейін сәби мен оның анасы қаладағы перзентханалардың біріне жеткізілген. Арайлым күйеуі және екі баласы?

  • 6 Қаңтар 2017
  • 1050
Фото - Caravan.kz


Әйелге жедел жәрдем бригадасы мен теміржол қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсеткен. Бұдан кейін сәби мен оның анасы қаладағы перзентханалардың біріне жеткізілген. Арайлым күйеуі және екі баласымен Тараздағы туыстарына бара жатқан екен.

“Жолға шығар алдында өзімді жақсы сезінген болатынмын. Маған көмектерін аямай көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне, пойыз басшысына, жолсерікке, медбикеге, барлығына алғыс айтамын. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық”, – дейді Арайлым Асқарбекова.

Соңғы жаңалықтар