Қостанайлық хакер сот үкімімен бір жарым жылдық түзету жұмыстарына жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық хакер сот үкімімен бір жарым жылдық түзету жұмыстарына жіберілді

Қостанайлық хакер сот үкімімен бір жарым жылдық түзету жұмыстарына жіберілді

Таяуда Қостанай қалалық соты компьютерлік технологияларға қатысты қылмыстық іске үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 450
Фото - Caravan.kz

Қостанайлық бір тұрғын арнаулы бағдарламаны пайдалану арқылы бір провайдерлік фирманың серверіне бір жыл бойы ұрлықпен қосылып келген. Фирма клиенттеріне қатысты құпия ақпараттары бар файлдарды заңсыз көшіру арқылы ол ұрлықтан мүлдем бейхабар азаматтар мен ұйымдар есебінен Интернет желісін тегін пайдаланып келген.

2002-жылдың наурыз айынан 2003-жылдың ақпан айына дейін хакер басқа тұтынушылардың есебінен Интернет желісін 450 сағат бойы 63000 теңгеге тегін аралап шыққан.
Компьютерлік алаяқ бұл шығынды сот тергеулеріне дейін өтеп құтылды. Соған қарамастан Қостанай қалалық соты хакерді бір жарым жылдық түзету жұмыстарына жіберіп, оның компьютерін мемлекет кірісіне тәркілеп алды.

Соңғы жаңалықтар