Қостанайлық өрт сөндірушілер қасақана машина өртеу оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық өрт сөндірушілер қасақана машина өртеу оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді

Қостанайлық өрт сөндірушілер қасақана машина өртеу оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді

Тек кеше кешкісін Қостанай мен Рудный қалаларында үш автокөлік өртенді. Алдын-ала тергеу қорытындысына жүгінсек, автокөліктер қасақана өртелгенге ұқсайды.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 593
Фото - Caravan.kz

Өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, машиналардың өртенгені туралы телефон қоңырауы кезекші пультіне түн ортасына таяу, бірінің соңынан бірі іле-шала келіп түскен.

Тек өткен аптада облыста 5 автокөлік өртенді. Олардың төртеуі де шамамен бір уақытта отқа оранған. Бір жағдайда машинаға жанармай шашып, әдейі өртеп жіберу байқалса, қалған төрт жағдайда да өрт сөндірушілер қасақана өрт жіберілу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аталған қасақана өрт жіберу оқиғалары бір уақытта кездейсоқ орын алды ма , әлде, бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті мен дегенді тергеушілер әзірге тап басып айта алмайды. Сондай-ақ, өрт жіберушілер мен қасақана көлік өртеуге нендей себеп әсер еткені анықталмай отыр.

Соңғы жаңалықтар