Қостанайлық өрт сөндірушілер құны 100 мың доллар тұратын арнаулы автокөлікке ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық өрт сөндірушілер құны 100 мың доллар тұратын арнаулы автокөлікке ие болды

Қостанайлық өрт сөндірушілер құны 100 мың доллар тұратын арнаулы автокөлікке ие болды

Қостанайлық өрт сөндірушілер құны 100 мың доллар тұратын арнаулы әмбабап автокөлікке ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесі филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Тамыз 2005
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қымбат техниканы сатып алуға арналған қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстағы өртке қарсы күрес бөлімшелерінде бұған дейін осындай техника болмаған. Осы тектес машиналарды тек Алматы, Астана, Өскемен және Көкшетаудың өрт сөндірушілері иемденіп келді. КамАЗ-дың негізінде жасалған АСА-20 автокөлігі газды кескішпен, гидравликалық қайшылармен, екі көтергіш құрылғымен, электрлі арамен, 20 кВт-қа дейінгі үш фазалы генератормен жабдықталған, кез-келген жерге жете алады.
«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының бастығы Жанат Қартбаевтың айтуынша, жаңа автокөлік өрт сөндірушілерге төтенше жағдайлардың зардабын жою мен апаттық-құтқару шараларын жүзеге асыруда тың мүмкіндіктер береді. «Алдағы уақыта біздің қызмет Ресейдің Урал және ЗиЛ үлгілі көліктерінің негізіндегі жаңа техникамен жабдықталады»,- деді Ж.Қартбаев.

Перейти к новостям спорта