Қостанайлық құрылысшылар Жамбыл облысының Құлан ауылында 15 тұрғын үйді пайдалануға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық құрылысшылар Жамбыл облысының Құлан ауылында 15 тұрғын үйді пайдалануға берді

Қостанайлық құрылысшылар Жамбыл облысының Құлан ауылында 15 тұрғын үйді пайдалануға берді

Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Жамбыл облысы Құлан ауылындағы жер сілкінісінен зардап шеккен 30 отбасына үш бөлмелі жаңа үйлердің кілтін табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2003
  • 714
Фото - Caravan.kz

Екі пәтерлі 15 үйдің барлығы да 15 соттық бау-бақша учаскесімен, үй ауласындағы қора-қопсымен қамтамасыз етілген. Ауыл тұрғындары бұл үйлер салынған көшені Қостанай көшесі деп атады.

Жалпы аумағы 2658 шаршы метрлік баспанамен бірге Қостанайлықтар жаңа үйлердің тұрғындарына кілемдер таратты. Көп балалы бір отбасына Ө.Шүкеев түрлі-түсті теледидар тарту етті.
Табиғи зілзаладан зардап шеккен аудандағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге Қостанай облыстық бюджетінен 130 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар