Қостанайлық тәртіп сақшылары бір тонаушыны 5 минутта қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық тәртіп сақшылары бір тонаушыны 5 минутта қолға түсірді

Қостанайлық тәртіп сақшылары бір тонаушыны 5 минутта қолға түсірді

Жедел алдын-алу мақсатындағы "Жол қауіпсіздігі" шарасы барысында Қостанайлық тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа жетпеген тонаушыны қолға түсірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2004
  • 366
Фото - Caravan.kz

16 жастағы бозбала жол бойында келе жатқан әйелдің қолындағы дорбаны ала қашқан. Жәбірленушінің айқайына жиналған жол полициясы қызметкерлерінің жасағы тонаушыны 5 минутта қолға түсіріп, оны Қостанай қалалық ІІБ-іне жеткізді.

Қостанай облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жедел алдын-алу мақсатындағы «Жол қауіпсіздігі» шарасы басталған екі күнде жол қозғалысының тәртібін бұзуға байланысты 783 оқиға әшкереленді. 96 жүргізуші мас күйінде ұсталды. Сондай-ақ, тонаушылық, ұрлық, алаяқтық, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз сақтау тәрізді 8 қылмыстың беті ашылды.

Перейти к новостям спорта