Қостанайлық тәртіп сақшылары тонаушы жасөспірімдерді ұстау барысында қару қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық тәртіп сақшылары тонаушы жасөспірімдерді ұстау барысында қару қолданды

Қостанайлық тәртіп сақшылары тонаушы жасөспірімдерді ұстау барысында қару қолданды

Қостанайлық тәртіп сақшылары тонаушылық жасамақ болған жасөспірімдерді ұстау барысында қару қолдануға мүжбүр болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2005
  • 592
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1-маусым күні түнде мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кезекші бөліміне «Ромашка» дүкенінен дабыл белгісі келіп түседі. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары дүкеннің ішінен біреуі бетперде киіп алған екі бейтаныс адамды көреді. «Тәртіп сақшыларын күтпеген тонаушылар қарсылық көрсеткен. Әлгілер тәртіп сақшыларына қолына түскеннің бәрін лақтыра бастайды»,- дейді ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина. «Осыдан кейін полицияның аға сержанты Николай Стеканов шабуылшыларға қаратып бірнеше оқ атқан»,- деді ол.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді. 16 және 17 жастар шамасындағы екі жасөспірім зардап шеккен жоқ. Қазір тонаушылыққа жасаған әрекеті үшін қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.
Бұл — Қостанайлық тәртіп сақшыларының жыл басынан бергі алғашқы қару қолдану оқиғасы. Е.Кашаринаның айтуынша, тәртіп сақшыларының қару қолдануы заңды.

Перейти к новостям спорта