Қостанайда осымен биылдыққа 10-адам суға батып кетті деп жазады Костанайские новости.
«17 шілде күні Меңдіқара ауданында 24 жастағы жігіт 1979 жылы туған ер адамның өлі денесін судан шығарып алды. Ол түнгі сағат 12 жарым шамасында суға түсуге болмайтын жерде шомылып, батып кеткен», — деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, жуырда Гагарин су қоймасында ер адам суға батқан үш қызды құтқарып, өзі мерт болған еді.