Жарияланды: 300

Қостанайлық зейнеткер алаяқтардың шотына бір миллион теңге аударды

Қостанайда 72 жастағы зейнеткер ұлының «бостандығы» үшін өзінің бар жиған-тергенін алаяқтарға берді.

Келтірілген шығынның сомасы 1 млн. теңгені құрады, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен. 22 қараша күні, таңертеңгі сағат 11 шамасында зейнеткердің үй телефонына белгісіз ер адам хабарласып, оның ұлы жол-көлік апатын жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталғандығын айтқан. Ол жаяу жүргіншіні қағып кеткен-мыс. Ал проблеманы жылы жабу үшін бейтаныс зейткерден миллион теңге сұраған. Банктен тек 800 мың теңге аудару мүмкін болды, одан кейін алаяқ құрбанына түбіртекті жағып жіберуді бұйырған. Онымен қоса, қалған 200 мың теңгені ұялы байланыс нөміріне лақтыруға мәжбүрлеген. Зардап шеккен зейнеткер полицияға тек кешке қарай, ұлымен кездескеннен кейін ғана шағымданды. ІІД басқармасының бастығы Елена Кашаринаның сөзіне қарағанда, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін