Жарияланды: 380

Қостанайлық зейнеткер қарақшыға шошқаларға арналған жем салынған қапқа тыққан ақшасын берді

Таран АІІБ қылмыстық полиция қызметкерлері шошқа өсірумен айналысатын зейнеткерге қастандықпен шабуыл жасау қылмысын ашты.

30 жастағы қылмыскер түнде егде жастағы адамның үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, ақша беруді талап еткен. Зейнеткер ақшаны шошқаларға арналған жем салынған қаптарға жасырған еді. Қылмыскер жәбірленушіден барлығы 495 мың теңге алды. Кетер алдында қарақшы зейнеткерді байлап тастады. Қатты қорыққан ақсақал бір тәулік бойы полицияға шағымданбаған. 28 қазан күні жедел-іздеу шараларының барысында күдікті Рудный қаласында, жалдамалы пәтерде ұсталды. Одан ұрланған ақшаның бір бөлігі ғана алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін