30 жастағы қылмыскер түнде егде жастағы адамның үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, ақша беруді талап еткен.
Зейнеткер ақшаны шошқаларға арналған жем салынған қаптарға жасырған еді. Қылмыскер жәбірленушіден барлығы 495 мың теңге алды. Кетер алдында қарақшы зейнеткерді байлап тастады. Қатты қорыққан ақсақал бір тәулік бойы полицияға шағымданбаған.
28 қазан күні жедел-іздеу шараларының барысында күдікті Рудный қаласында, жалдамалы пәтерде ұсталды. Одан ұрланған ақшаның бір бөлігі ғана алынды.