Қосымша ай сайынғы төлем енгізу: БЖЗҚ ақпаратқа қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қосымша ай сайынғы төлем енгізу: БЖЗҚ ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Қосымша ай сайынғы төлем енгізу: БЖЗҚ ақпаратқа қатысты пікір білдірді

БЖЗҚ шетелдік жаңалықтар агрегаторларының бірі таратқан ақпаратты жоққа шығарды. Онда Қазақстанда 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы айтылған.

  • 29 Мамыр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БЖЗҚ мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа бірінші және/немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан кесте бойынша төлемдер алу мүмкіндігі көзделген.

"Бұл әдістеме БЖЗҚ-дан былтырғы ай сайынғы зейнетақы мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5 пайыз мөлшерлемесіне ұлғайтуды көздейді. Қордағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет (www.egov.kz) сайтында бақылауға болады. Азаматтардан тек ресми дереккөздерден алынған, сенімді ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз", — делінген хабарламада.