Қоян қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоян қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын иеленді

Қоян қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын иеленді

18-21 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен қоян қолтық ұрыстан екінші Әлем чемпионатында Қазақстан командасы 3 алтын, 2 күміс, 8 қола медель алып, жалпы есепте 2 орынға табан тіреді.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Динамо спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның қоян қолтық ұрыс федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық команда құрамында 16 спортшы болған. Олардың 9-ы ерлер, 7-еуі әйелдер.

«Құрамына бокстан бастап, дзюдо, джиу-джитсу, самбо, күрес және басқа да көптеген спорт түрлері енетін қоян қолтық ұрыс елімізде жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Оған дәлел 35 мемлекет қатысқан осынау әлем чемпионатында біздің қыз-жігіттеріміздің 2-орын алып қайтуы», — деп атап өтті А. Тасболатов.

Айта кету керек, чемпионатта 1-орынды Ресей, 3-ші орынды Беларусь елдері иеленді. Ал қазақстандық спортшылардан Берік Шыналиев (55 келі), Біржан Агимов (70 келі) және Роза Қалиева (55 келі) алтын медаль алып қайтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера