ҚҚС бизнесті бұзушылыққа итермелеуде – «Караван» - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚҚС бизнесті бұзушылыққа итермелеуде – «Караван»

ҚҚС бизнесті бұзушылыққа итермелеуде – «Караван»

ҚҚС бизнесті бұзушылыққа итермелеуде, деп есептейді кәсіпкерлерді біріктірген ҮЕҰ, делінген, келесі номері жұма күні жарық көретін «Караван» газетіндегі мақалада, деп апталық редакциясынан ҚазТАГ-қа хабарлады.

  • 24 Маусым 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Басылым жазып отырғандай, ҚҚС күрделі кезеңде, бюджетке әйтеуір бір кіріс түсіру үшін қабылданған болатын. Қазір ҚҚС зұлымдықтың басы болып, жемқорлықты арандатып, өндірісті тежеп отыр. Бірақ фискалдық органдар оған, бюджет құрайтын салық емес екендігіне қарамай, құтқаратын бұтақ қарамағандай, жабысып қалған, дейді кәсіпкерлердің алматылық қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев.

«Бүгіндері тері өңдеу шаруашылығындағы терілердің 80% жеке ұсақ шаруашылықтарда өндіріледі. Қытайлықтар нақты ақшаға сатып алып отыр, ал біздердікіне құжат керек, ҚҚС бойынша есеп керек. Мұның барлығы қиын және тиімсіз. ҚҚС өте ауыр салық. Сондықтан көптеген кәсіпорындар көлеңкеде жұмыс істейді», — деді өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығының төрағасы Любовь Худова.

ҚҚС-қа балама АҚШ-тағыдай, сатуға салынатын салық бола алады. Бірақ ҚР қаржы министрлігінде ҚҚС-ты салықтың басқа түріне алмастыру мәселесі қаралып та жатқан жоқ.

Тағы бір мақала Талғарда өтіп жатқан сот процессі туралы баяндайды. Онда Zetaзауытының филиалы зейнеткер Сәния Сабыроваға қарсы сотқа шағым түсірген. Ал зейнеткер болса, сол зауыттың маңында тұрып, зауыт дөрекі бұзушылықтарға барып жатқандығын анықтаған. Кәсіпорын болса, өз кезегінде, қалалық СЭС зауытта көптеген бұзушылықтардың барлығын ақытағанына қарамай, зейнеткерді жала жапты деп айыптап отыр. Мысалы, орындықтар, креслолар, темір шкафтар, пластикалық құтылар шығаратын зауытта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай СНиП нормаларына сай келмеген, бұрын наубайхана орналасқан кәсіпорынның санитарлық төлқұжаты жоқ.

Ол қазіргі зиянды кәсіпорынға бейімделіп қайта жарақатталмаған.

Қазір Талғар тұрғындары табиғатты қорғау прокуратурасына материалдар дайындап жатыр. Ол заң бойынша кәсіпорынға экологиялық аудит жасауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар