ҚР 2006 жылдың қазан айында СПИД ауруына шалдыққандар саны екі есе өсті-ҚР статистика жөніндегі Агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР 2006 жылдың қазан айында СПИД ауруына шалдыққандар саны екі есе өсті-ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

ҚР 2006 жылдың қазан айында СПИД ауруына шалдыққандар саны екі есе өсті-ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006 жылдың қазан айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда СПИД- ке шалдықандар саны екі есеге өскен. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлаған.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 720
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статагенттігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қазан айында ВИЧ-індетін жұқтырған 146 адам анықталған (2005жылы қазан айында- 78). Жалпы осы жылдың он айында 1429 ВИЧ-індетін таратушы тіркелген (2005 жылдың қаңтар қыркүйек айларында — 743), СПИДпен ауыратындардың саны 82 ден 113 ке дейін өсті ( 37,8%).

14 жасқа дейінгі балар арасында жыл басынан бері 85 (өткен жылы 10) ВИЧ індетін таратушы анықталды . Ауылдық жерлерде 2006 жылдың қазан айында 35 бала тіркелген(өткен жылдың қазан айында -12).

Республикалық СЭС мәліметінше, осы жылдың он айында тіркеуге алынған жұқпалы аурулармен ҚР территориясында халықтың науқастануы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда кеміген.

Алайда безгек ауруына шалдыққандар саны өскен (2,1 есе) ретровирустық энтерит, асқынған сары ауруды жұқтырғандар , алғашқы рет анықталған(7,9%), эхинококк ( 7,5%) менингококк індетін жұқтырғандар( 4%) артқан. Есеп беру кезеңінде күйдіргі жұқтырған он бір жағдай тіркелсе, оның тоғызы Оңтүстік Қазақстан облысында болған.

Осы жылдың қаңтар қыркүйек айларында өткен жылдың он айымен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалардың сальмонеллез індетін жұқтырғандар саны ( 33,6%), листериоз ( 31,5%) және ретровирустық энтеритке шалдыққандар (10,2%) өскен. Қазан айында эхинококкпен ауырғандар саны ( 1,5 есе) көбейді, аса ауыр вирустық геппатит жұқтырғандар саны ( 14,3%), сальмонеллез індетін жұқтырғандар (13,8%) өскен.

Ауылдық жерлерде 2006 жылдың қазан айында эхинококпен ауырғандар (25,9%), бактериялы дизентерияға шалдыққандар (19,6%), мерезбен ауырғандар (18,8%), жоғары тыныс жолдары кеселін жұқтырғандар анықталмаған (18,6%), аса ауыр вирустық гепатитке шалдыққандар саны (13,4%), қышыма (5,6%) артып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта