ҚР әділет мекемелері жыл басынан бері 45 млн. теңгенің контрафакт өнімдерін тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет мекемелері жыл басынан бері 45 млн. теңгенің контрафакт өнімдерін тәркіледі

ҚР әділет мекемелері жыл басынан бері 45 млн. теңгенің контрафакт өнімдерін тәркіледі

ҚР әділет мекемелері жыл басынан бергі 8 айда 45 млн. теңгенің 90 мың дана контрафакт өнімдерін тәркіледі. Бұл туралы бүгін, 15-қыркүйекте ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Нұғманов ТМД үкімет басшылары кеңесінің жанынан құрылған санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен комиссиясының 11-ші отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz



«Санаткерлік меншік саласындағы «қарақшылықпен» күрес шараларының аясында 939 тексеру жүргізіліп, әкімшілік заң бұзу туралы 908 іс қозғалды. Республикалық бюджетке айыппұл түрінде 11 млн. теңге түсті»,- деді С.Нұғманов.
Вице-министрдің хабарлауынша, «Санаткерлік меншік мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы парламенттің талқысына ұсынылды. «Заң жобасында санаткерлік меншікке қатысты 5 арнаулы заң мен 6 кодекске санаткерлік меншік нысандарын заңсыз пайдаланғаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер енгізу қарастырылған»,- деді ол.
Комиссияның отырысына жиналған Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Украинаның санаткерлік меншік мәселелерін реттеуші мемлекеттік мекемелерінің өкілдері санаткерлік меншікті қорғауға қатысты өзекті мәселелерді қаузады.
Кездесуге қатысушылар бүгін санаткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтарға тосқауыл қою және олардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттер арасында ақпараттар алмасу мен ұлттық дерекқор құру жөніндегі тұжырымдама жобасын жасауды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта