ҚР Әділет министрі мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Әділет министрі мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады

ҚР Әділет министрі мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Бұл туралы еліміздің әділет министрі бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Барлықтарыңыздан осы жұмысты жеделдетуді сұраймын. Өзара қандайбір сұрақтар болса, жұмыс барысын күшейту қажет», -деді З.Балиева.

«Қазір 27 заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімін алу сатысында жатыр».

«Осындай келісімнен кейін заң жобасы үкімет басшысының кеңсесіне, сосын президент әкімшілігіне беріледі, ал тамыз — қыркүйек айларының ішінде парламентке тапсырамыз. Осы процесстер уақытында жүргізіледі деп сенемін», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар