ҚР әділет министрі өзі басқаратын мекеменің жұмысына сын тақты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрі өзі басқаратын мекеменің жұмысына сын тақты

ҚР әділет министрі өзі басқаратын мекеменің жұмысына сын тақты

Бүгін, 18-шілдеде өткен коллегия отырысында ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков өзі басқаратын мекеменің жұмысына қатаң сын айтты. "Министрліктің алғашқы жарты жылдықтағы жұмысын қанағаттанарлық деп бағалауға болмайды",- деді ол.

  • 18 Шiлде 2003
  • 503
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, ауылдық жерлерді адвокаттық және нотариус қызметімен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр. Адвокат жетіспеушілігі тіркелген еліміздің 24 ауылдық ауданының бүгінгі жағдаймен 9 ауданында ғана бос жұмыс орындары толықтырылды. Ал 18 аудан нотариус қызметінен мақұрым қалып отыр. Ал нотариалдық конторалардың жұмысы «тіптен сын көтермейді» ,- деді О.Жұмабеков.

Жыл басынан бері 7 нотариусқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Министрдің айтуынша, аса күрделі мәселе ретінде қалып отырған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің арасынан жалпы көлемнің 38%-і қозғалыссыз мүлікті тіркеу саласының, 35%-і қылмыстық атқару жүйесінің үлесіне тиіп отыр. Алғашқы жарты жылдықта Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің 1300 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың 23-і жұмыстан шығарылды.
Сондай-ақ, Оңалсын Жұмабеков әкімшілік қылмыстық істерді сапасыз қозғалту мәселесіне де назар аударды. Мәселен, қозғалған 219 қылмыстық істің 90-ы жабылыпты.
Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2003-жылдың бірінші жартысында 20-дан астам заң жобасы жасалыпты. Олардың арасында жоспардан тыс жасалғандары да бар. Осы мерзімде 88 ғылыми-құқықтық сараптама жасалып, заңды түсіндіру мақсатында 59 заңды қорытынды шығарылған. Жоспар бойынша 11 нормативтік құқықтық акт жобасы жасалды. Есепті мерзімде әділет мекемелеріне 6699 нормативтік құқықтық акт тіркеуге жіберіліп, оның 4407-сі тіркелді. 1009 актіні тіркеуден бас тартылды. Құқықтық нормативтік актілердің заңдылығына бақылау қою бағытында 913 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде заңсыз қолданылып келген 805 акт әшкереленді.

Соңғы жаңалықтар