Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Д.Құсдәулетов кейінгі жылдары прокуратура жүйесінде жұмыс істеген. 1996-жылы ол Ақмола көлік прокуроры болып тағайындалды. 2000-жылы аға прокурор, артынан ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары болды. 2004-жылдан бүгінге дейін ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары әрі экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.