ҚР әділет министрлігі елімізде 1991-жылдан бері қабылданған заңдарға тәуелді барлық нормативтік актілерді 13 айдың ішінде толық тексеріп шықпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігі елімізде 1991-жылдан бері қабылданған заңдарға тәуелді барлық нормативтік актілерді 13 айдың ішінде толық тексеріп шықпақшы

ҚР әділет министрлігі елімізде 1991-жылдан бері қабылданған заңдарға тәуелді барлық нормативтік актілерді 13 айдың ішінде толық тексеріп шықпақшы

ҚР әділет министрлігі елімізде 1991-жылдан бері қабылданған заңдарға тәуелді барлық нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін 13 айдың ішінде толық тексеріп шықпақшы. Бұл туралы бүгін, 7-маусымда ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков "ҚР әділет органдары іс-қызметінің кейбір бағыттары туралы" тақырыбы бойынша парламентте өткен үкіметтік сағатта құлағдар етті,-

  • 7 Маусым 2004
  • 699
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«Бұл тексеру өткен жылдарда қабылданған заңдарға тәуелді нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін тексеру және олардың кейбірінің күшін жою мақсатын көздейді»,- деді О.Жұмабеков. Министрдің айтуынша, 1991 мен 2003-жылдар аралығында елімізде шамамен 40 мың нормативтік акт қабылданған. «Орташа есеппен бір жылда қабылданған нормативтік құжаттарды тексеруге біз шамамен 1 ай жұмсаймыз»,- деді министр.
Оның айтуынша, министрлік 2003-жылы қабылданған заңдарға тәуелді нормативтік құжаттарды тексеруді қазір қолға алып жатыр. «Осындай жұмыстың нәтижесінде 1000-ға жуық акт, немесе өткен жылы қабылданған барлық нормативтік құжаттардың 15 проценті айналымнан шығарылды»,- деді О.Жұмабеков.