ҚР әділет министрлігі мен Жоғарғы сот Мәскеуде Ресей мен Қазақстандағы құқықтық жүйелердің ықпалдастығы және оларды реформалау тақырыбында конференция өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігі мен Жоғарғы сот Мәскеуде Ресей мен Қазақстандағы құқықтық жүйелердің ықпалдастығы және оларды реформалау тақырыбында конференция өткізеді

ҚР әділет министрлігі мен Жоғарғы сот Мәскеуде Ресей мен Қазақстандағы құқықтық жүйелердің ықпалдастығы және оларды реформалау тақырыбында конференция өткізеді

ҚР әділет министрлігі мен Жоғарғы сот 9-10-қазанда Ресейдегі Қазақстан жылы аясында Мәскеуде "Ресей мен Қазақстандағы құқықтық жүйелердің ықпалдастығы және оларды реформалау" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 466
Фото - Caravan.kz

Конференцияның мақсаты — екі ел заңгерлерінің арасындағы екі жақты байланыстарды нығайту, сот-құқықтық жүйесін жаңалау саласындағы тәжірибемен алмасу, екі елдің құқықтық жүйесіндегі проблемаларды айқындау және оларды шешу жолдарын қарастыру, келешек ынтымақтастық перспективаларын айқындау болып табылады.

Ресей жағынан бұл бас қосуды ұйымдастыруға РФ Жоғарғы соты мен Ресейдің Жоғарғы арбитраждық соты, РФ әділет министрлігі мен халықаралық заңгерлер одағы мұрындық болды.
Қазақстан жағынан конференцияға ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми, еліміздің жетекші құқықтанушы сарапшылары мен ғалымдары, парламент депутаттары қатысады.