ҚР әділет министрлігі Республикалық "Асар" партиясын тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігі Республикалық "Асар" партиясын тіркеді

ҚР әділет министрлігі Республикалық "Асар" партиясын тіркеді

Бүгін, 2003-жылдың 19-желтоқсанында Астанада әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитеті еліміздегі тоғызыншы партия - Дариға Назарбаева басқаратын Республикалық "Асар" партиясын тіркеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Республикалық "Асар" партиясынан хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 568
Фото - Caravan.kz

Республикалық «Асар» партиясының құрылтайшылық сьезі үстіміздегі жылдың 25-қазанында Алматыда өткен. Сьезге еліміздің барлық облыстарынан өкілдер қатысты. «Саяси партиялар туралы» ҚР заңына сәйкес, партияның құрылтайшылық құжаттары мен 50 мыңнан кем емес адамды қамтитын партия мүшелерінің тізімі ҚР әділет министрлігіне құрылтай сьезінен кейін екі айда өткізілуі тиіс болатын.

Сөйтіп әділет министрлігіне 77 мың адамға жеткен жаңа саяси партия мүшелерінің тізімі мен басқа да тіркеуге қажетті барлық құжаттар тапсырылды.
«Асар » партиясы Қазақстанды одан әрі жаңғырту, демократиялық өзгерістерді тереңдету, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды басты бағдар етіп таңдайды. Партияның басты идеологиясы өзара түсіністік пен диалогты, реализм мен прагматизмді, саяси сабырлылықты пір тұтатын саяси центризмге негізделеді.
Таяу күндерде Республикалық «Асар» партиясының саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда партияның бірінші құрылтайын өткізетін мерзім белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар