Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі — нормативтік құқықтық актілердің жүйеленген жалпыға ортақ тегін қолжетімді мәліметтер базасы. Онда 120 мыңнан астам материалдар; барлық кодекстер, заңдар, жарлықтар, халықаралық шарттар, қаулылар, нұсқаулар және бас да құжаттар орналастырылған. Сайтта сондай-ақ жергілікті деңгейде қабылданған нормативтік құқықтық актілер — мәслихаттардың, әкімдердің және әкімдіктердің шешімдері мен қаулылары да орналастырылған.
Әркім сондай-ақ онлайн режимінде өзінің құқықтарын біле алады және ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныса алады. Халықты толғандырған мәселелер бойынша құқықтық қатынастар саласында талдау жасауды, нормативтік-құқықтық актілерді жинауды және техникалық қолдауды ҚР әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жүзеге асырады. Оны жаңарту күн сайын нормативтік-құқықтық актілердің түсуіне қарай жүргізіліп отырылады.