Жарияланды: 450

ҚР әділет министрлігінде "Асар Қазақстан" және "Асар заманы" атты партиялық газеттер тіркелді

ҚР әділет министрлігінде "Асар Қазақстан" және "Асар заманы" атты партиялық газеттер тіркелді. Бұл туралы бүгін, 31-қаңтарда "Асар" партиясының Алматыда өтіп жатқан бірінші республикалық құрылтайында бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Владимир Рерих хабарлады.

Оның айтуынша, дарынды, бастамашыл әрі ұдайы алға ұмтылғыш адамдар үшін "Асар" партиясының есігі әрдайым ашық. В.Рерихтың айтуынша, "Асар" партиясының үгіт-насихат жұмыстарының басты бір принципі ұжымдық талқылау болып табылады. Үгіт жұмыстарын партия сапалық жоғары деңгейде жүргізбек ниетте. Бұл мақсатқа бұқаралық ақпарат құралдары белсенді жұмылдырылуы тиіс. В.Рерих осы орайда партия кеңестік кезеңнің мұрасы іспетті қатып қалған көзқарастардан қашқақтап, митинг немесе шеру секілді үгіт құралдарын қолданбауға тырысатынын атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін