ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті Тараз бен Қызылордада қатаң тәртіпті жаңа түрмелер сала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті Тараз бен Қызылордада қатаң тәртіпті жаңа түрмелер сала бастады

ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті Тараз бен Қызылордада қатаң тәртіпті жаңа түрмелер сала бастады

ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитеті Тараз бен Қызылордада қатаң тәртіпті жаңа түрмелер сала бастады. Бұл туралы бүгін, 23-маусымда ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Петр Посмаков Алматыда KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 23 Маусым 2003
  • 593
Фото - Caravan.kz

ҚР Қылмыстық Кодексіне енгізілген 2002-жылғы өзгертулерге сәйкес, сотталғандар бас бостандығынан айыру мерзімін өздері тұратын мекенде өтеуге тиіс деген тәртіп бойынша осы өңірде түзету мекемелері салына бастады деді ол. Халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірде жасалатын қылмыстар саны көбеймесе, азаймай отырғандықтан, комитет заң талаптарын бұзып, сотталғандарды басқа өңірлерге жіберуге мәжбүр. Айталық, басқа облыстардағы еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан Жамбылдықтар саны бүгінде 3 мыңнан асып жығылады.

Сондай-ақ, 1600 тұтқынға есептелген Жамбыл облыстық колониясында қазір 1800 адам отыр. Бұл үйреншікті жағдайға айналды.
Таразда салынатын қатаң тәртіпті түрме 1200 адамға есептелген, оған қамалғандар Еуропалық стандартқа сай жарақталған камераларда отыратын болады.Түрме облыстағы бұрынғы жындыхана үйін қайталап жөндеу арқылы пайдалануға берілмек. Мекеменің 300 адамға есептелген бірінші кезегі биылғы жыл соңына дейін іске қосылады. Ал оны толықтай пайдалануға беру 2005-жылға межеленіп отыр.