Сондай-ақ, алқа мәжілісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай облыстық басқармасының бастығы Василий Климентьевті, оның орынбасары Сергей Громченконы, УК-161/12 түзету мекемесінің бастығы Марат Жетмеков пен оның орынбасары Жан Хамитовты жұмыстан босату туралы бұйрықтың жобасын мақұлдады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4-ақпанда КТК телеарнасында Арқалық түрмесіндегі екі жазасын өтеушіні соққыға жығу оқиғасы көрсетілген болатын. Қамаудағыларды ұрып-соғу көрінісі жасырын камерамен түсіріп алынған. Төтенше оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін Арқалыққа ҚР әділет министрлігінің, ҚР бас прокуратурасы мен облыстық прокуратураның өкілдерінен құралған комиссия шықты. Тексеру барысында 4 түрме қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «арнайы құралдар немесе күш қолдану арқылы билігі мен лауазымдық құзырын асыра пайдалану » жөніндегі 308-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«2004-жылдың 11-қаңтарында Арқалық түрмесінде болған қамаудағыларды ұрып-соғу оқиғасынан тапсырыс исі аңқып тұрса да, түрме қызметкерлерінің әрекетінен қылмыстық құрам анықталғандықтан, оған қатысты ақырғы шешімді алдын-ала тергеу органдары мен сот шығарады»,- деді О.Жұмабеков.
Оның айтуынша, 2003-жылы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 674 қызметкер жұмыстан шығарылған, соның ішінде 42 адам кері себептермен орнын босатты.