«Өкінішке орай біз «Есіл» авиациялық-ғарыштық кешені жобасын маркетингтік жағының осалдығына және онымен ғарыштық қызметтер нарығына шығу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты жабуға мәжбүрміз»,- деді Т.Мұсабаев.
Оны ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — армия бас штабының жетекшісі Мұхтар Алтынбаев қолдап, «Есілге қатысты мәселені түбегейлі қою қажет» деген пікір айтты. «Әлемдегі бірде-бір мемлекет «Есіл» жобасына негіз етіп алынған схеманы қолданбайды. Зерттеу шығындары негізсіз, өйткені, ұшақтың конструкциясы ауқымды шығынды қажет етеді, іс жүзінде жаңа ұшақ жасау қажет»,- деді ол. «Егер біз бұл жобадан бас тартатын болсақ, онда алдын-ала шығындар негізсіз болмақ»,- деді М.Алтынбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Есіл» кешені салмағы 160 шақырымға дейінгі азаматтық мақсаттағы шағын ғарыштық аппараттарды Жерден 1500 шақырым қашықтыққа дейінгі жер маңы орбитасына шығаруға арналған. «Есіл» кешенінің бір ерекшелігі — МИГ-31 ұшағының базасында жасалғандығы. Ол жері серігі мен шағын зымыранды қажетті биіктікке дейін шығара алады. Екі жылдан кейін өзін-өзі ақтайды деп есептелген бұл жобаны жүзеге асыру навигация мене спутниктік байланыспен қамтамасыз ету, экологиялық зерттеулер жүргізу, ғарыштық мониторинг, жерге қашықтан зонд жүргізу, еліміздің мұнай кеніштеріндегі ахуалды қадағалау мақсаттарын шешумен бірге Жер мен оның атмосферасына ғарыштық зонд жүргізуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті