ҚР Аграрлық партиясының мүшелері депутаттарға еліміздегі мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі заңға өзгертулер енгізу туралы ұсыныс тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Аграрлық партиясының мүшелері депутаттарға еліміздегі мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі заңға өзгертулер енгізу туралы ұсыныс тастады

ҚР Аграрлық партиясының мүшелері депутаттарға еліміздегі мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі заңға өзгертулер енгізу туралы ұсыныс тастады

Қазақстан Аграрлық партиясының парламенттегі фракциясы депутаттарға еліміздегі мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі заңға өзгертулер енгізу туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Аграрлық партиясының парламенттегі фракциясының заңға өзгертулер енгізу жөніндегі бұл ұсынысы жанар-жағармай бағасының маусымдық қымбаттауымен байланысты . Партия өкілдерінің ақпаратына сәйкес, биылғы астық жинау науқаны қарсаңында жанар-жағармай бағасы 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 46 процентке қымбаттаған.

Депутаттарға арналған мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «егін орағы қарсаңында жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға және оны арзандатуға бағытталған үкіметтің қадамдарынан түк те нәтиже шықпауы тағы да үрдіске айналды. Сол себепті шаруалар үшін жанар-жағармай бағасының маусымдық қымбаттауы күрмеуі қиын тауқыметке айналды. Ол үлкен көлемде астықтан айрылу қаупін туғызып отыр».
Қазақстан Аграрлық партиясының парламенттегі фракциясы мүшелерінің пайымдауынша, «бұл мәселені тиянақты шешетін мерзім жетті. Еліміз бойынша ауылшаруашылығы мен ауылды дамыту және қолдау жылдары деп жарияланған алдағы бірнеше жылда мұнай айналымына қатысты заңдарға өзгерту енгізу қажет деп санаймыз. Мұнайға бай Қазақстанның энергетикалық қуат-күші агроөнеркәсіптік кешеннің кері кетіп құлдырауына емес, керісінше ілгерілеуіне түрткі болуы тиіс».

Соңғы жаңалықтар