Бұл туралы ол бүгін, 18-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
«Үкімет құрамынан уақытша шығып, партиямен бірге сайлау алдындағы додаға қатысамын ба, әлде министр міндетін атқара беремін бе деген тұрғыда біржақты шешімді жуырда қабылдаймын. Министр болып қалған жағдайда, әрине, өз партиямның үгіт-насихат жұмыстарына қатысуға қақым жоқ, қатыспаймын да»,- деді А.Сәрсенбаев.
Оның айтуынша, «мемлекеттік , немесе басқа қандай да болмасын БАҚ-тарда өз партиясы үшін басым қолайлылық туғызуға әрекет жасамайды».
Осы орайда ол «ақпарат министрі ретінде «Сайлау туралы» заңға сәйкес барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер мен бірдей құқық қалыптастыруы тиіс » екенін ерекше атады. Ол өзінің ақпарат министрі орынтағында партиялардың өзара теңдігінің бұзылуына жол бермегенін атап өтті.
Сондай-ақ, А.Сәрсенбаев журналистерге «өзі мүше болып табылатын партияның іс-қызметіне, немесе саяси партияның жетекшілерінің бірі ретінде жеке басы тарапынан кімге бүйрегі бұрылатыны туралы сұрақ қоймау » жөнінде өтініш жасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР ақпарат министрі А.Сәрсенбаев «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі болып табылады. Ол алдағы парламент мәжілісінің сайлауына партиялық тізім бойынша қатысады.